Семейде ұрлық жасады деген күдікпен екі адам қолға түсті
Қалта қағарлар шаһардағы сауда орындары мен қоғамдық көліктерде жұртты үптеп келген көрінеді.
Автор: Ұлан Нұрахмет
05.06.2019
40 және 38 жастағы күдіктілер елдің қалтасындағы ақшасы мен ұялы телефонын жымқырған. Сыбайластар бұған дейін де осы қалта ұрлығы үшін істі болыпты. Қазір олардың жасаған 15 қылмысы дәледеніп отыр. Олар көбінесе, қымбат ұялы телефондарды ұрлап, оны қосалқы бөлшек ретінде саудалаған. Сондықтан, полиция қызметкерлері қаладағы телефон сататын дүңгіршектерге тексеріс жүргізіпті. Тіпті, тергеу кезінде 1600-ден астам ұялы телефон тәркіленген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары