{metadescription}
Селден зардап шеккен тұрғындар көмекке зәру
Селден зардап шеккен тұрғындар көмекке зәру

Селден зардап шеккен тұрғындар көмекке зәру

Алматы облысында селден зардап шеккен баспаналарды тұрғындар өз беттерінше қалыпқа келтіруді бастады. Аулаларына толып қалған лайды тазалай алмай әлек. Қол қусырып қарап отырғаннангөрі іске кіріскендер, атқамінерлер уәде еткен техниканың қашан жететіні белгісіз дейді.     

Севахун Сайдуллаев, Пенжім ауылының тұрғыны:

- Көмек келмеді әлі. Техникасы да жоқ. Тас төгеміз деген ол да жоқ. Өзіміз қолымыздан келгенше тазаладық.

Алайда, бөлінген техника зардап шеккен үйлерді кезегімен тазалауда. Сонымен қатар, жақын орналасқан елді-мекендерден де еріктілер жұмылдырылған. Естеріңізге салсақ, 3 маусым күні кешкі сегіз жарым шамасында Панфилов ауданына қарасты Пенжім ауылында сел жүрген болатын. Таудан аққан лай аралас су 30-дан астам баспананың ішіне кірсе, 270 ауланы батпаққа айналдырған. Төтенше жағдай департаментінің мәліметі бойынша, аймақта қашықтықтығы 600 метрлік бөгет пен канал жасалып, аулаларды тазарту жұмыстары жалғасуда. Қауіп әлі сейілмей тұр. Алдағы күндегі Алматы облысында нөсер жауын күтілуде. 

Азамат Жұртбаев, Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі: 

Бүгінгі таңда 130-дан астам үйдің ауласы тазаланды. «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері мен өзендерді бақылау жұмыстары жүріп жатыр. Алматы облысы аумағында маусым айының 6 мен 7 күндері аралығында өзендердегі су деңгейі көтерілуі және таулы аймақтарда судың ағуы мүмкін екені хабарланды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде