{metadescription}
Ағылшын тілін оқытпаса да айлық алып келген
Ағылшын тілін оқытпаса да айлық алып келген

Ағылшын тілін оқытпаса да айлық алып келген

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мұғалімдерге шет тілін оқытудағы былықты әшкере етті. 

Өйткені былтыр елімізде 6.700 ұстазға ағылшын тілін үйренгені туралы арнайы сертификаттар берілген. Бірақ олардың небәрі 800-і ғана оқушыларға үш тілде сабақ беріп жүр. Қалғаны ағылшынша оқытпаса да, айлық алып келіпті. Бұған қарамастан сертификаты бар мұғалімдердің барлығына бірдей жалақысына қосымша 35 мың теңгеден төленіп отырған. Ал Мәжіліс төрағасы істемеген жұмыс үшін ақы төлеудің қажеті жоқ дейді. Әрі сертификат беруді көзбояушылыққа теңеген Нығматулин Білім министрлігін көрсеткіш үшін жұмыс істейді деп сынады.

Күләш Шәмшидинова, Білім және ғылым министрі:

Дұрыс айтасыз, үштілділікке қатысты сұрақ көп. Қосымша ақшаны барлық ұстазға бірдей төлеу туралы шешім о баста қабылданып қойған. Енді үш тілде сабақ беретін мұғалімдерді іріктеп, ақыны соларға ғана төлейміз. Мәселені жан-жақты қарап, жақында бір шешімге келеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.