{metadescription}
Газ құю бекеттері жаппай тексерілуі мүмкін
Газ құю бекеттері жаппай тексерілуі мүмкін

Газ құю бекеттері жаппай тексерілуі мүмкін

Төтенше жағдайлар комитеті газ құю бекеттерін түгел тексеру керек деп тағы ұсыныс жасады. Өйткені жердің астына көмулі жатуы тиіс үлкен газ цистерналары топырақтың үстінде, шақырайған күннің астында тұра береді екен.

Владимир Беккер, Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

Кемшіліктің бәрін көргенмен не пайда, оларға қой дей алмаймыз. Өйткені, алғашқы үш жыл бизнесті тексеруге болмайды. Әкімдік жер бөліп береді де қауіпсіздігімен шаруасы жоқ. Ал бизнесті тексеру үшін заңға өзгеріс енгізейік десек, Ұлттық экономика министрлігі де, Бас прокуратура да бізді қолдамайды.

Жаппай тексеріс жүргізуге негіз бар. Бірер күн бұрын Қызылордада осындай газ құю бекеттерінің бірінде газ баллоны жарылған. Салдарынан 15 жастағы баланың беті-қолы күйіп қалыпты. Сөйтсе, жеткіншек ол жерге тұрмыстық газ баллонын толтырып алу үшін барған екен. Ал ереже бойынша олай істеуге болмайды. Енді осы заңның орындалуын қатаң бақыламақ. Одан бөлек, сұйылтылған газбен жүретін көліктерді заң бойынша жерасты автотұрағына және көлік тұрағы ғимараттарының бірінші қабатына қоюға болмайды. Комитет енді осы заңды да күшейте түсуді көздеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.