Президент Қазақстан халқын Ораза Айт мейрамымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Астана» мешітінде болып, медресе шәкірттерімен де кездесті.
Автор: Ербол Тұрымбет
05.06.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Ораза Айт қабыл болсын! Аманшылық тілеймін баршаңызға. Келесі Рамазанға бәріміз халық болып, жамағат болып, аман-есен жетейік. Халқымыздың төрт құбыласы түгел болуды Алла нәсіп етсін.
Ұлық мейрамға орай Тоқаев алдымен медресе-колледжінде болып, ондағы шәкірттермен кездесті. Сондай-ақ, «Нұр Астана» мешітінде елдің бақытты болашағы үшін дұға жасады. Ал Әзірет Сұлтан мешітінде мыңдаған астаналық Бас мүфтимен бірге Айт намазына қатысты. «Айт» сөзі араб тілінен аударғанда – мерекелеу, хал сұрасу, бір-бірін қуанту деген мағыналар береді. Алла Тағала қасиетті Құранда «Жаңа айды көріп ораза тұтыңдар, жаңа айды көріп, ауыздарыңды ашыңдар» деген. Жұрт үш күнге созылатын діни мейрамды тойлауды бастап кетті. Намазға жиылған жамағат үшін мешіт алдында ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Серікбай қажы Ораз, Бас мүфти:
- Ораза Айт мерекесі құтты болсын! Алла Тағала дұға-тілегімізді, қасиетті айда жасаған қайырлы амалымызды берген садақа, зекет пен пітірімізді қабыл еткей. Раббымыз Рамазанннан Рамазанға дейін айдан аман, жылдан есен етіп жеткізе бергей!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!