{metadescription}
Еспаева үгіт насихат жұмыстарын қортындылады
Еспаева үгіт насихат жұмыстарын қортындылады

Еспаева үгіт насихат жұмыстарын қортындылады

Президенттікке кандидат Дәния Еспаеваның сайлауалды штабы үгіт насихат жұмыстарын қорытындылады. Онымен танысуға арнайы халықаралық байқаушылар да келген. Олардың қатарында түркі тілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясының өкілдері де бар. 

Дәния Еспаева мен оның сенімді өкілдері, «Ақ жол» партиясының белсенділері үгіт науқаны кезінде еліміздің бірқатар облыстарын аралады. Ауыл тұрғындарымен, ірі кәсіпорындардың ұжымымен, қарапайым еңбеккерлермен кездесіп бағдарламаны таныстырумен қатар, халықтың талап тілегіне қанықты. Енді сайлауды күтіп отыр.

Ырыскелді Момбеков, халықаралық байқаушы:

- Қазақстан сайлауы тыныш өтсе бүкіл Қазақстан ұтады. Таза өтсе демократия ұтады. Қырғыздың жақсы сөзі бар: «Жаман әйел ерін басқарады, жақсы әйел елін басқарады» деген. Еліңіз сізге жақсы дауыс берсін деп игілік қаладым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде