Ахметбеков жақтастарына ризашылығын білдірді
Коммунистік халық партиясының белсенділері Жамбыл Ахметбековты қолдау мақсатында дәстүрлі акциясын ұйымдастырды. Ал кандидаттың сайлауалды штаб өкілдері арнайы жиын өткізіп, үгіт жұмысын қорытындылады.
Автор: Әсел Тұмашқызы
07.06.2019
Белсенділер қала саябағына жиналып, қанат белгісін жасады. Шараға кандидаттың өзі де қатысты. Жамбыл Ахметбеков еліміздегі басты саяси кезеңдердің бірінде өзін қолдауға атсалысқан барлық команда мүшелеріне ризашылығын білдірді. Кездесуге қатысқан «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары атқарылған жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Науқанда өңірлік және орталық штабтарда 5 мыңға жуық адам үгіт жұмыстарымен айналысқан.
Жамбыл Ахметбеков, Президенттікке кандидат:
- Менің командама алғысымды білдіремін. Олардың қатысуымен республика бойынша 5000 тарта үгіт насиxат өткіздік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!