Автоцистернаның жарылуынан зардап шеккен жігіт өлім аузында жатыр
Шымкентте жанар-жағар май стансасының маңында автоцистерналар жарылды. Зардап шеккендер бар. Жарылыс түске дейін қаланың шетінде орналасқан Тассай ауылында болған.
Автор: Бек Әбиев
07.06.2019
Жекеменшік «Мұраз» газ сақтау қоймасында тұрған сыйымдылығы 7 және 50 текшеметрлік көлеміндегі цистерналар бірінен соң бірі жарылған. Абырой болғанда апат орнына жақын жердегі үйлерге от түспеген. Аталған кәсіпорынның 20 жастағы жұмысшысы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер Ерлан Анар есімді жігіт денесінің 98 пайызын күйік шалғанын айтады. Бұл жыл басынан бері Шымкентте тіркелген ең ірі өрт оқиғасы болып отыр. Себебін тексеріп жатқан мамандар адами фактордан болуы мүмкін дейді.
Нұрболат Дербісов, Шымкент қалалық ТЖД бастығы:
- «Мұраз» ЖШС-нің газ құю стансасында әрқайсысы 200 текше метрлік екі бос сиымдылығы бары жанып жатты. Екіншісін біз суытып әрі қарай жайылуын тоқтатып қойдық. Техникалық қауіпсіздігін сақтамаған деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!