{metadescription}
Шерулер заңға қайшы! ІІМ наразылық жиындарына қатысты түсініктеме берді
Шерулер заңға қайшы! ІІМ наразылық жиындарына қатысты түсініктеме берді

Шерулер заңға қайшы! ІІМ наразылық жиындарына қатысты түсініктеме берді

Ішкі істер министрлігі бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингке байланысты түсініктеме берді. Құзырлы мекемедегілер қоғамдық тәртіпті бұзғандардың бұл әрекеті заңға қайшы екенін мәлімдеді.

Яғни әкімдіктен арнайы рұқсат болмаса да, тұрғындар көшеге шыққан. Митингке қатысқандардың Нұр-Сұлтан қаласындағы көшені жауып тастағаны туралы айтылуда. Осы жағдайға байланысты арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында ішкі істер министрлігінің өкілдері жүзге жуық адамды ұстауға тура келгенін хабарлады. Митингті елімізде тыйым салынған «ДВК» ұйымы өкілдерінің ұйымдастырғаны белгілі болды.

Марат Қожаев, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Ұйымның қашқын басшысы елдегі билікке қарсы жаппай үгіт-насихат жүргізіп, президент сайлауына бойкот жариялауға шақырды. Сондай-ақ, сайлау кезінде қоғамға қарсы әрекеттер ұйымдастыруға да шақырған. Олардың осы заңға қайшы әрекетіне қарамастан, сайлау ойдағыдай өтіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде