{metadescription}
Елімізде сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді
Елімізде сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді

Елімізде сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар туралы алдын ала мәліметтерді жариялады. Сайлауда ең жоғары белсенділік танытқан Алматы облысы болып шықты. 

Ләззат Сүлеймен, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы 9-маусымда тізімге енгізілген сайлаушылардың 77,4 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. 

Сайлауға қатысу бойынша ең төменгі көрсеткіш еліміздегі тұрғындары ең көп қала – Алматыда тіркелді. Мұнда электораттың небәрі 52,2 пайызы дауыс берген. Ал ел астанасында сайлаушылардың 68,9 пайызы дауыс берді. Ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында тиесілі. Мұнда сайлаушылардың 89 пайызы дауыс берген. Сондай-ақ, Ақтөбе. Шығыс Қазақстан және Түркістан облысының тұрғындары белсенділік танытқан. Бас прокуратура өкілдері дауыс беру барысында кейбір сайлаушылардың қитұрқылық жасағысы келгенін мәлімдеді. Осындай 19 заң бұзу дерегі бойынша прокурорлар 18 әкімшілік іс қозғап, материалдарын сотқа жіберген. Ал халықтың сайлауға қатысу көрсеткіштері бойынша Орталық сайлау комиссиясы таратқан мәлімет әлі де өзгеруі мүмкін. 

Ләззат Сүлеймен, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Қазір еліміздегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды сайлауға кірісті. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау басталғаннан кейін 12 сағат ішінде аяқталуы тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.