Президенттікке кандидат болғандар Тоқаевты жеңісімен құттықтады
Ал Қасым-Жомарт Тоқаев пен оның жақтастары жеңісті тойлауды түннен бастап кетті. Ал, Тоқаевпен сайлауға түскен 6 кандидат басты қарсыласының жеңісін мойындап құттықтап үлгерді.
Автор: Әсел Тұмашқызы
10.06.2019
Әміржан Қосанов, Президенттікке кандидат:
- Егерде Қазақстан оппазициясы бірігіп, бірегей кандидат ұсынғанда мүлдем басқаша цифрлар болуы мүмкін еді. Бірақ, бұл да үлкен жеңіс. Қазақстан тарихында оппазицияның жеке өкілі ешқандай партиясыз, ешқандай қозғалыссыз ешқандай біріккен күшсіз осындай жетістікке жетіп отыр. Мұның өзі бізге үлкен мүмкіндіктер береді.
Дәния Еспаева, Президенттікке кандидат:
- Маған дауыс берген қазақстандықтарға айтқым келеді. Сайлау біткенімен барлық үміткерлерді де құттықтаймын. Алдағы уақытта да осы Қазақстанның болашағына бәріміз қызмет етеміз деп сенемін.
Сәді-Бек Түгел, Президенттікке кандидат:
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен ірі жеңіске ие болып отыр. Шын жүректен оны жеңісімен құттықтаймын. Өте орынды. Таза жеңіс. Жалпы биылғы сайлау жоғары деңгейде өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!