{metadescription}
ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті 
ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті 

ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті 

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының атынан кезектен тыс Президент сайлауына қатысқан кандидаттың ең көп дауыс жинағанын жариялады. Оған жалпы электораттың 70,79 пайызы дауыс берген. 

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс өткен Президент сайлауының алдын-ала қорытындыларын жариялады. Осы саяси науқанға сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық отандасымыз тіркеліп, белсенділік танытқан. Ал, дауыс беруге 9 млн-нан аса адам қатысты. Бұл 77,4 пайызы қатысты. 
Сонымен сайлауға түскен кандидаттардың арасында Nur Otan партиясының өкілі Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастап тұр. Қазіргі Президентті ел тұрғандарының 70,79 пайызы қолдаған. Бұл дегеніміз 6 млн-нан аса адам. Екінші орында «Ұлт тағдыры» қозғалысынан сайлауға түскен Әміржан Қосанов тұр. Үштікті ақжолдық Дәния Еспаева түйіндейді. Түнімен дауыс санаған Орталық сайлау комиссиясының мүшелері басқа кандидаттардың да көрсеткіштерін жариялады. Ең аз дауыс жинаған Сәдібек Түгел. 

Константин Петров, ҚР ОСК төрағасының орынбасары:

- Бұл ақпараттың барлығы ең соңғы жиналған мәліметтер негізінде әзірленіп сіздерге жарияланып отыр. Алдын-ала мәліметтер 1 сағат ішінде өңделді. Сайлаушылардың дауысын есептеу кешке дейін жалғасады. 

Бұл сайлаудың ерекшеліктері де бар.  Алғаш сайлауға 160 203 жас қатысып, біріншгі рет дауыс берген екен. Орталық сайлау комиссиясының өкілдері заңбұзушылықтар тіркелгенін жоққа шығармады. Бюллетеньдерді бүлдіргендер, Атырау мен Түркістан облыстарында тіркелген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде