{metadescription}
Көкшетаулықтар коммуналдық қызмет үшін еселенген ақы төлеуге мәжбүр
Көкшетаулықтар коммуналдық қызмет үшін еселенген ақы төлеуге мәжбүр

Көкшетаулықтар коммуналдық қызмет үшін еселенген ақы төлеуге мәжбүр

Елде жоқ баға! Көкшетаудан небәрі 15 шақырым жердегі Нефтебаза ауылы коммуналдық қызмет үшін еселенген ақы төлеуге мәжбүр. Мұнда электр қуаты киловатына 25 теңге, судың текше метрі – 300 теңге. Яғни, өңірдегі бағадан екі есе қымбат. Қызмет ұсынатын кооператив заңды тұлға болғандықтан, қарапайым халықты «май шелпеккке» айналдырды дейді тұрғындар.

Ширек ғасыр бұрын осы маңда «Көкшетау мұнай өнімдері» деп аталған мемлекеттік коммуналдық база орналасқан. Онда солтүстік өңір үшін қажетті жанар-жағармай сақталыпты. Үйлер де сол кәсіпорын жұмысшылары үшін салынған екен. Кейін кәсіпорын тараған, ауыл Нефтебаза деп аталып кеткен.

Сол Нефтебаза тұрғындары қазір өздерін  санатта  жоқ ауыл деп санайды. Өйткені бұлардың тауқыметіне 25 жылдан бері селт еткен жан жоқ. Электр желісі мен су құбыры жеке кооперативтің қолында қалған. Елде Үкімет коммуналдық қызмет бағасын төмендеткенде, жарық пен суды біз удай бағаға сатып алып жүрміз, - дейді тұрғындар.

Қарлығаш Шалтықова, Нефтебаза ауылының тұрғыны:

- Мұнда кәдімгі қарапайым тұрғындар. Бірақ коммуналдық төлемге келгенде жеке тұлға емес, заңды тұлға болып есептелеміз. Тұрғындардың бәрі қалайша заңды тұлға болады? Электр қуатының киловаты – 25 теңге, судың текше метрі – 300 теңге. Бұл – елде жоқ баға.

Тұрғындар электр қуаты тағы қымбаттауы мүмкін дегенді  естіп өре түрегелген. Олар қымбатшылықты «Келісу» тұрғын үй кооперативі қолдан жасап отыр, - дейді. Онсыз да 500 тұрғыннан 100 теңгеден мақсатты төлем дегенді жинауды шығарған. Ал кооперативтегілердің өз есебі бар көрінеді.

Екатерина Шайдурова, «Келісу» тұрғын үй кооперативінің төрайымы:

- Біз бағаны аспаннан алмаймыз ғой. Ана тұрған трансформатордың күші қолданыстан әлдеқайда көп. Шығын ай сайын 87 мың теңге төлеп жүрміз. Жұмысшыларды ұстауымыз керек. Сол үшін қаражат жұмсаймыз.

Қайрат Алхатов, Алексеев ауылдық округінің әкімі:

Қазір олар нысандарды монополист компаниялар алса дейді. Әбден ескірген желіні жеке компания қайдан алсын? Оның үстіне заңды құжаттары да дұрыс емес. Жерін заңдастыру үшін 6 миллион теңге керек. Кооператив кезінде бергісі келмеген. Енді зардабын халық тартып отыр.  

Электр желісінің де, су құбырының да әбден тозығы жеткен. Бәрінен бұрын, апатты жағдай болса, жұртты құтқаруға 5 зейнеткерден құрылған кооперативтің мұршасы келмейді-ау дейді Нефтебаза тұрғындары. Ал жаңадан тағайындалған облыс, аудан әкімдері жағдайды енді тексеріп көрмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.