Бақылаушылар сайлаудағы болмашы қателіктерді атады
Болмашы қателіктер жалпы нәтижені өзгерте алмайды. ТМД-дан келген бақылаушылар тобы елдегі президенттік сайлауды таза әрі әділетті өтті деп мойындады.
Автор: Ербол Тұрымбет
10.06.2019
ТМД атқару комитетінің басшысы Сергей Лебедевтің айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәлімет Қазақстан халқының қандай басшыны қалайтынын көрсетіп отыр. Халықаралық ұйым өкілдері кешегі өткен сайлау ашық, жариялы түрде, демократиялық принциптерге сай деген тоқтамға келді. Сонымен қатар, саяси шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атады. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жеке дауыс беру бөлмесі жасалғаны көңілден шықты дейді бақылаушылар. Айта кетейік, ТМД елдерінен жалпы саны 432 бақылаушы келген еді. Ал әлеуметтік желілерде тараған заңбұзушылық деректеріне қатысты, ондаған жағдайды анықтағанын, бірақ ол жалпы қорытындыны өзгерте алмайтынын айтты.
Сергей Лебедев, ТМД атқару комитетінің төрағасы:
- 10 мыңдай сайлау учаскесі болды. 9 миллионнан астам адам дауыс берді. Заңбұзушылықтар әрине, болды. Оны көрдік. Бірақ осы сандарға шағып қарасақ, қателіктердің үлесі өте аз. Ондай нәрселер батыс елдерінде де болып тұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!