«Жақсы жігіт болып отырар едім»... Қосанов өзіне ренішін білдіргендерге жауап берді
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түскен Әміржан Қосановтың штабында бір топ жақтастары өкпе-ренішін білдірді. Олардың айтуынша, сенім білдірген серкелері соңына дейін өздерімен бірге болмапты. Осылай шуласқандар өздерінің үміткерден теріс айналғандығын айтуда.
10.06.2019
Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша, Әміржан Қосанов 16,02 пайыз дауыс жинаған. Кандидат бұл көрсеткіштің өте жоғары екендігін тілге тиек етіп, парламент сайлауына дайындалу керектігін айтты. Ал үміті ақталмағанын білдірген оның жақтастары кандидаттан көңілі қалғандарын айтады. Келгендердің көкейіндегі толассыз сұрақтар Қосановты мезі етті ме, кім білсін, бір кезде залдан шығып кетті. Сонымен қатар, Әміржан Қосанов алдын ала мұндай жағдайдың болатынын сездім дейді.
Әміржан Қосанов, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
- Осы сайлауға мен түспей-ақ қоюым керек еді. Құлағым тыныш болып бәріне жақсы жігіт болып отырар едім. Мен осындай болатынын білдім. Мен әріптестеріммен ақылдастым. Кешегі әрбір қадамымды ақылдастым. Оның артында қандай ой, ниет бар екендігін бәрін мен сіздерге айта алмаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!