{metadescription}
Сайлауда көш соңында қалған кім?
Сайлауда көш соңында қалған кім?

Сайлауда көш соңында қалған кім?

Коммунистер атынан аламанға қатысқан Жамбыл Ахметбеков 167 мың 249 дауыс, яғни 1,82 пайыз. «Ақ жол» партиясынан саяси додаға түскен Дәния Еспаеваға 478 мың 153 адам дауыс берген.

Президенттікке алғашқы әйел кандадатты осылайша жалпы электораттың 5,2 пайызы қолдағандықтан, үшінші орынға жайғасты. Ал «Ұлт тағдыры» саяси-патриоттық ұйымынан қатысқан Әміржан Қосановты 1 млн 472 мың 733 адам қолдап, екінші орынға шықты. Ал «Ауыл» партиясынан қатысқан Төлеутай Рақымбековке 294 мың 271 сайлаушы дауыс берген. Жалпы үлесі 3,2 пайыз. Кәсіподақтар атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Амангелді Таспихов 190 мың 304 дауыс жинап, 2,07 пайыз электораттың қолдауына ие болған. Ал «Нұр Отан» партиясы атынан қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 504 мың 54 адам, яғни дауыс берушілердің 70,76 пайызы қолдап, сайлауда жеңіске жетті. Ал «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан додаға қатысқан Сәдібек Түгелге 84 мың 348 адам дауыс беріпті. Бұл сайлаушылардың 1 пайызына да жетпейді.

Бұл сайлаудың тек алды-ала қорытындысы ғана. Қазір орталық сайлау комиссиясы бюллетендерді әлі есептеу үстінде. Алдағы уақытта бұл сандар өзгеруі мүмкін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде