Теңге тұрақтала бастады
Өткен аптада біраз әлсіреген төл ақшамыздың тағдырына қатысты Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осындай мәлімдеме жасады. Айта кетсек, өткен аптада әлемдік мұнай бағасының төмендеуі теңгеге айтарлықтай әсер еткен болатын.
Автор: Ербол Тұрымбет
11.06.2019
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
- 27 мамыр мен 5 маусым аралығында мұнай бағасы шамамен 13 пайызға жуық, 60,6 долларға дейін төмендеді. Алайда өткен аптаның соңғы екі күнінде мұнайдың бір баррелі үшін 63,3 долларға дейін түзету болды. Бүгінгі таңертеңгі баға 62,3 доллар төменге түсті.
Қара алтын құнының біршама төмендеуіне АҚШ пен Мексика заңсыз көші-қонды бақылауды күшейту туралы келісім себеп болыпты. Сонымен бірге, мұнай экспорттаушы елдер ұйымы биыл екінші жартыжылдықта өз келісімін ұзартуы мүмкін. Мұнай бағасының төмендеуіне осылар әсер еткен дейді Бас банкир. Соңғы бес күн ішінде теңге 0,3 пайызға қайта бекіген. Қазіргі уақытта Ұлттық банк доллар құнын 383 теңге деп бекіткен. Ал ақша айырбас орындарында 386 теңгеден сатылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!