Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апатының себебі айтылды
Жүректің тоқтауы жол апатына әкеп соққан. Бүгін Нұр-Сұлтанда үш автобус соғысқан ірі жол апатының себебі айтылды. Полицейлердің айтуынша, жолаушы толы автобусты жүргізіп келе жатқанда жүргізушінің жүрегі сыр берген.
Автор: Досжан Маратұлы
14.06.2019
Ғазиз Нұрқаев, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары:
- Сот дәрігерлік сараптамасына сәйкес, жүргізуші Оспанов көлікті айдап келе жатып есінен танған. Қазір іс бойынша тергеу мерзімі үшінші айға созылып, 26-шы маусымға дейін тергеу амалдары жүргізіледі.
Екі адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апаты 26-наурыз күні болған еді. Қабанбай батыр даңғылымен жүйткіген №303-бағыттағы автобус бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, алдында тұрған автобустың артына соғылған. Соққының қатты болғаны сонша салон ішіндегі 33 адам түрлі дене жарақатымен аурухана жеткізіліп, бірінің аяғын кесіп тастауға тура rелген еді. Ал, жүрегі тоқтап қалған автобустың 53 жастағы жүргізушісі мен алдыңғы жақта отырған 26 жастағы жалғызбасты келіншек сол жерде қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!