Алматыда ең үздік математиктер анықталды
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 2-4-сынып оқушылары келіп қатысты. «Бастау» республикалық математикалық турнирі Тұңғыш Президент қорының қолдауымен биыл 12-ші рет ұйымдастырылып отыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
14.06.2019
Шараның басты мақсаты - бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау. Сондай-ақ, білімін тереңдету арқылы қолдау көрсету. Сөйтіп еліміздің барлық қала, облысынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика- математикалық мектептерінен 2-4-сынып оқушылары арасында 150 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, қомақты сыйлықтар табысталды.
Сәуле Хафизова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері:
- Балалар жарысқа тыңғылықты дайындықпен келіп, бар күштерін салды. Оларға берілген тапсырма да, талап та жоғары болды. Турнир үш кезеңнен тұрды. Алғырлықтарының арқасында жүзден жүйріктер өздерін дәлелдеп шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!