Көкшетауда прокурорлар бір дүрлігіп қалды
Ақмола облыстық прокуратурасы ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген хабар өңірдің барлық құтқару қызметін аяғынан тік тұрғызды. Қорқынышты хабарды әлдекім осы жолы қадағалау органына электронды жолмен жіберген.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
14.06.2019
Хабарлама түсісімен абыр-сабыр басталды. Жұмысында алаңсыз отырған прокурорлардың барлығы сыртқа шығарылды. Құтқару қызметі арнайы құрылғымен, иісшіл иттермен бомбаны іздеуге кіріскен. «Жарылғыш зат қойылды» дегеннен басқа ақпарат болмағандықтан, саперларға екі бірдей ғимараттың асты-үстін тегіс тексеріп шығуына тура келді. Кешқұрым уақыт болғандықтан қаланың қақ ортасындағы қарбалас автокөлік қозғалысына да, жаяу жүргіншілерге де кедергі келтірді. Бір жарым сағатқа созылған «құтқару операциясы» ешқандай қауіпті зат тапқан жоқ.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- 102 номіріне полицияға прокуратурадан хабар түсісімен барлық құтқару қызметі жұмылдырылды. Бірақ, ешқандай «жарылғыш зат» табылған жоқ. Қазір электронды хабарламаның авторы іздеу үшін кешенді із кесу шаралары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!