Семейде қорым өртенді
Қасқағым сәтте 100-ге жуық бейіт күлге айналған. Тіпті, қазіргі уақытта кейбір зираттардың орнында құлып тастары ғана қалды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
14.06.2019
Өрт мұсылмандар мен христиандар бірдей жерленген қорымның қақ ортасынан бастау алған. Қою түтінді көрген жұрт оны алғашында өз күштерімен сөндіруге тырысқан. Артынша шамалары келмеген соң, өрт сөндірушілерді шақырған. Дегенмен 800 шаршы метр аумағы түгелдей жанып кетті. Тіпті, бейіт басына қойылған діни атрибутикалардан түк жоқ. Ал, қазір өрттің шығу себебін төтеншеліктер анықтау үстінде.
Қымбат Көпбаев, Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының аға офицері:
- От өшірілмеген темекіден не шыныдан жануы мүмкін. Мысалы, бөтелкеде су қалып ол өзінің қызуымен тұтануы ғажап емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!