Шетелдіктерге тәнін сатқан жезөкшелер ұсталды
Алматыдағы караоке барлардың бірінде Оңтүстік Корея азаматтарымен көңіл көтерген жезөкшелер ұсталды. Полиция көңіл көтеретін орында 23 жеңіл жүрісті әйелді анықтап, оларды тіркеуге алған. Олар 15 шетелдікке қызмет көрсетуге шығыпты.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
14.06.2019
Негізінен бұл караоке-барда мұндай жағдай алғаш рет боп тұрған жоқ екен. Қожайындары жиі ауысса да, түңгі көбелектер осы жерде жиі айналшықтап жүреді. Жезөкшелердің барлығына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, шет ел азаматтарына да көші-қон заңнамасы бойынша тексерістер жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылатын болады. Ал жын-ойнақ ордасының иесі де табыла салысымен жазаға тартылмақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!