Шымкенттегі полицейлерді дайындайтын оқу орнында төбелес болып бірінің жағы сынды
Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығына біліктілігін арттыруға келген келген тәлімгер мен орталықтағы тәртіпке жауапты аға лейтенанттың сөзі жараспай, жатақханада жұдырықтасып, ауруханадан бір-ақ шыққан.
Автор: Бек Әбиев
14.06.2019
Айболат Маймақов, Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы:
- Курс бастығының орынбасарының тыңдаушымен сөзге келіп, төбелесіп қалған. Соның арасында тыңдаушының жақ сүйегі сынған. Курс бастығының орынбасары осы тыңдаушылармен тәрбие жұмысын жүргізеді.
Жанжалдың нақты неден шыққанын оқу орталығындағылар айтқысы келмейді. Шекісіп қалған аға лейтенант пен тәлімгер түйдей құрдас, 27 жаста екен. Біліктілігін арттыруға Тараздан келген тыңдаушының оқып жатқанына үш апта да болмапты. Ал, аға лейтенант 5 жылдан бері осы оқу ордасында қызмет етіп келген. Біреуінің жағы сынып, екіншісінің көзі көгерген екі тәртіп сақшысы қазір оқудан да, жұмыстан да шеттетілді. Оларға қатысты қызметтік тексерістер басталған. Полиция департаменті тіпті қылмыстық іс қозғады.
Әсел Сәденова, Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
- Бұл жәйт бойынша қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 107-ші бабымен тексеріп-тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!