{metadescription}
Тоқаев Бішкекте бірнеше бастама көтерді
Тоқаев Бішкекте бірнеше бастама көтерді

Тоқаев Бішкекте бірнеше бастама көтерді

Қазақстан Сирия бойынша халықаралық кездесулерді тағы да өткізуге дайын. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 19-шы отырысында осылай мәлімдеді. Кеңеске 12 елдің президенттері қатысты. Трансұлттық ұйымның құрамындағы Қазақстан киберқауіпсіздік, қоршаған ортаның ахуалына бей-жай қарамайды. Президент ретінде жиынға алғаш рет қатысқан Тоқаев тағы қандай бастамаларды көтерді?

Соңғы жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтағы ықпалы артты. Үлкен сегіздіктегі халықтың саны 3 млрд-тан асады. Жаһандық экономикадағы ішкі жалпы өнімнің 20 пайызы осы құрылымға тиесілі. Екі жыл бұрын ғана ұйымның толыққанды мүшесі болған ресми Дели мен Исламабад қырғиқабақ. Бішкектегі саммитке келген Үндістан мен Пәкістан елдерінің Премьер-министрлері өзара салқын. Дегенмен, бұл саммиттегі маңызды құжаттарды талқылауға кедергі емес.

Бішкек. Алатау баурайындағы «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясы. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 19-отырысы. Жиын басталмас бұрын хаттама тәртібін орындау шарт. Қырғыз елі, Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан. Бір өңірдегі алтаудың басы әуелден Шанхай ынтымақтастық ұйымында қосылған. Кейін олардың қатары тағы екі елмен толықты. Бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия. Ұйымға биыл төрағалық еткен - қырғыздар экономикалық қылмыспен күресетін ортақ орган құруды ұсынып отыр.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

Экономикалық қылмыс қоғамға өте қауіпті. Себебі, оның артында көлеңкелі бизнес, табысты жасыру жатады. Қаншама қаражаттан қағылып отырмыз.

Саммиттің кеңейтілген отырысында әр тарап өз бастамаларын ортаға тастады. Қазақстанды ең біріншіден аймақтағы қауіпсіздік алаңдатады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық тұрақсыздық жағдайында технопарктер пулы мен сегізжақты қаржылық кеңес тетігін құру керектігін айтты. Астана қаржы орталығымен жасыл технологиялар бойынша ынтымақтастық құруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында қауіпсіздік орталығын құру барлық жағынан тиімді. Бұл халықаралық терорризмге тосқауыл және әр мемлекеттегі киберқауіпсіздікті барынша нығайтады.

Қазақстан Таяу Шығыстағы тұрақтылықты реттеу үшін Сирия бойынша халықаралық келіссөздерді жүргізе бермек. Бұдан өзге «ШЫҰ-Ауғанстан» байланыс тобының іс-қимылын қолдайды. Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін арттырудың артықшылығына да тоқталып өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ, сонымен қатар АСЕАН, БРИКС және Еуропалық одақ Шанхай Ынтымақтастық ұйымының сенімді серіктесі бола алады.

Экология, энергетика, денсаулық сақтау, лаңкестік, есірткі және адам саудасы мен трансұлттық қылмысқа тосқауыл қою. Мұның барлығы - ұйым назарында. Олардың кейбірін іс жүзінде жүзеге асыру үшін Бішкек декларациясы қабылданып, 13 құжатқа қол қойылды. Бішкекте екі күнге созылған кеңестегі шешімдер туралы 500-ге жуық тілші шартарапқа хабар таратты. Ал, Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық міндетін Ресей қабылдады. Кезекті жиын 2020 жылы Челябі қаласында өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде