{metadescription}
0:000:00
Тоқаев наразылықтың кедейшіліктен туындап отырғанын айтты  

Тоқаев наразылықтың кедейшіліктен туындап отырғанын айтты  

Мемлекет халықтың талабын естіді! Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік «Еуроньюс» телеарнасына берген сұхбатында осылай деді. Президенттің айтуынша, жұрт наразылығы кедейшіліктен туындап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті: 

- Олардың талаптары негізінен әлеуметтік мәселелер. Әрине, ондай мәселелер жоқ демеймін. Жұрт кедейленген. Барлығы содан шығып отыр. Олар Үкіметтен күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуді талап етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың қойып отырған талабын ел билігі естігенін, енді соған байланысты жұмыс істейтінін айтты. Президент сондай-ақ, елдегі толқулар кезінде қаннен қаперсіз кетіп бара жатқандардың да полиция қолына түсіп қалғанынан хабардар. Сондықтан мемлекет олардың алдында кешірім сұрайтынын және дереу босатылатынын айтты. Айта кетейік, Бас прокуратура Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 9, 10, 11-маусым күндері 957 адамға әкімшілік жаза қолданылып, 670-і қамауға алынғанын мәлімдеген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.