Анар Жайылғанова енді шенеуніктердің тәртібіне жауап береді
Есілдің сол жағалауында ауыс-түйіс жалғасуда. Қайтадан құрылған мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы болып Анар Жайылғанова тағайындалды.
Автор: Әсел Тұмашқызы
14.06.2019
Ол осы кезге дейін Мәжіліс депутаты болды. Енді заң шығару ісінен алшақтап Үкімет құрамынан бір-ақ шықты. Бүгіннен бастап 50 жастағы Анар Жайылғанова елдегі мыңдаған шенеуніктің тәртібі мен мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылаумен айналысады. Ал, Алик Шпекбаев өз алдына дербес орган болып құрылған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл ведомства бұдан-былай тікелей Президентке бағынатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!