{metadescription}
Алматыда әуесқой теннисшілер арасында жұптық турнир өтті
Алматыда әуесқой теннисшілер арасында жұптық турнир өтті

Алматыда әуесқой теннисшілер арасында жұптық турнир өтті

Жарыстың басты ерекшелігі, мұнда тек қыз-келіншектер ғана бақ сынады. Ұйымдастырушылар осындай жарыс арқылы әйелдердің тенниске қызығушылығын арттырамыз дейді. Ал, турнирге қатысуға өтініш берген 32 қатысушы 16 жұпқа бөлініп, кім мықтыны анықтады.

«Gorky Tennis Park» клубының көркін қыздырған әйелдер арасындағы турнир тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Байрақты бәсекеде біз тақалы туфли мен сәнді көйлегін спорттық киімге ауыстырған қыз-келіншектер жұптасып өнер көрсетті. Яғни, жарыста бақ сынауға өтініш берген 32 қатысушы талап бойынша 16 жұпқа бөлінген.

Динара Волкова, турнирге қатысушы:

- Әйелдер арасында жұптық турнир өтеді дегенде қарап тұра алмадым. Көңіл-күйіміз өте керемет. Қарсыластар да осал емес. Жақсы құрам жасақталған деп, сеніммен айта аламын.

Турнирдің басты ерекшелігі, сайысқа тек әуесқой ойыншылар таңдап алынған. Олар әуелі топтық кезеңде кім мықтыны анықтап, бірінші және екінші орыннан көрінгендер Мастерс кезеңіне жолдама алды. Ал, үшінші және төртінші орынға тұрақтағандар бір саты төмен санатта жүлдеге таласты. Себебі, әр қатысушы соңына дейін шамасын байқатуға мүмкіндік бердік дейді ұйымдастырушылар.

Сергей Мазур, «Gorky Tennis Park» теннис клубының атқарушы директоры:

- «Шпильки Cup» турнирі біздегі үлкен олқылықтың орнын толтырып тұр. Себебі, бұған дейін тенниске көбіне ерлер қауымы қызығатын. Ал, бұл жарыс тек әйелдерге арналған.

Әйелдер ортасындағы әуесқой теннисті дамытуға арналған жарыстан түскен қаржы балалар арасында түрлі турнир ұйымдастыруға жұмсалады. Ал, ұйымдастырушылар турнирді дәстүрге айналдырып, болашақта республикалық жарыс өткізуді жоспарлауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде