Ақтаулық полицей той кортежінің жолын бөгеді
Ақтаулық полицейлер әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы әріптесінің әрекетіне түсініктеме берді. Айта кетейік, бұған дейін тәртіп сақшысы той кортежінің жолын бөгеп, оншақты көлікті көшеден өткізбей қойған еді.
Автор: Мақсат Мәлік
17.06.2019
Полицейдің той кортежінің жолына кесе көлденең тұрған сәтін куәгерлер түсіріп алған. Оқиға қаладағы шағын аудандардың біріндегі тар көшенің бойында болған. Бейнежазбада жүргізуші мен тәртіп сақшысының тәжікелесіп тұрғаны аңғарылады. Алайда, полицей жол ережесін бұзғандарды ұстап, лезде патрульдік көлік шақырған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі ауысымнан үйіне қайтқан қызметкер көшедегі келеңсіздікке көз жұмып өте алмаған.
Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы пд баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Оған қарама қарсы бағытта 3 көліктің терезесінен адамдар шығып тұрған. Үйлену тойының кортежі бағыт алып, жол жүру ережесін бұзады. Осы 3 көліктің жүргізушісіне әкімшілік хаттамасы толтырылады. 593 бабының 1 тармағымен толтырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!