{metadescription}
Би билеймін деп шенеуніктердің назарына іліккен түлекті жұрт қолдап шықты
Би билеймін деп шенеуніктердің назарына іліккен түлекті жұрт қолдап шықты

Би билеймін деп шенеуніктердің назарына іліккен түлекті жұрт қолдап шықты

Ақтөбеде мектеп бітірушілерді салтанатты марапаттау кезінде қатарластарынан дараланып билеген түлекті шенеуніктер мен полицейлер екі жақтан қуалады. Қазір олардың қылығын әлеуметтік желіде жұрт қызу талқылап жатыр.

Ал бұл роликтегі қыз Сабина Батенова бір күн ішінде елге бұлай таныламын деп күтпеген. Сүйікті әншісі сахнаға шығып, ән шырқағанада қалай билеп кеткенін білмей де қалыпты. Әлеуметтік желі қолданушыларының барлығы бірдей оның қуанышын құптап, қолдап жатыр. Әйтсе де, «Алтын белгі» иегерінің қылығы шенеуніктер мен полицейлерге жақпай қалған сыңайлы. Олар Сабина Батенованы билеп тұрған жерінен қуалап, сапқа қайта тұрғызып қояды. Мектеп бітірушінің соңынан қулаған білім басқармасының бас маманы Гүлназ Сартайқызы осы оқиғаға қатысты бастығының рұқсатынсыз тіс жармайтынын айтады. Ал басшылары болса қандай да бір пікір білдіруден бас тартып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.