{metadescription}
«Көкшетау» теміржол станциясының бастығы ірі көлемде айыппұл арқалады
«Көкшетау» теміржол станциясының бастығы ірі көлемде айыппұл арқалады

«Көкшетау» теміржол станциясының бастығы ірі көлемде айыппұл арқалады

Жүйелі түрде пара алғаны үшін ұсталған Еркис Молдаков 18 млн 700 мың теңгені 3 айда мемлекетке өтемесе, түрмеге жабылады.

Осыдан бір жыл бұрын станция бастығын Жемқорлыққа қарсы бюро 600 мың теңге пара алды деген күдікпен ұстаған болатын. Бірақ бұл саналы ғұмырын теміржол саласына арнаған Еркис Молдаковтың бір ғана заңсыз әрекеті емес екен. Ол кәсіпкерлерден вагондарды кезек күттірмей бөлгені және жылдам жолға аттандырғаны үшін талай «сыйақы» алып келген. Және де теміржол құрамы тоқтап тұрғаны үшін төленетін дебиторлық қарыз мөлшерін азайтып, кәсіпкерлерге бекер «қамқорлық» жасамаған. Ірі көлемдегі айыппұлмен бірге, сот станция бастығын мемлекеттік мекемеде және басқа да жергілікті органдарда  басшылық қызметте істеу құқығынан өмір бойына айырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде