{metadescription}
Найзағай түсіп мерт болған экс-әкімнің денесі жер қойнына тапсырылды
Найзағай түсіп мерт болған экс-әкімнің денесі жер қойнына тапсырылды

Найзағай түсіп мерт болған экс-әкімнің денесі жер қойнына тапсырылды

Төбесінен жай түсті. Шығыс Қазақстанда найзағай түсіп, мерт болған экс-әкімнің денесі жер қойнына тапсырылды. Абай ауданының әкімі болған Тұрсынғазы Мүсәпірбековті ақтық сапарға шығарып салуға өңірдің атқамінерлері мен қоғам белсенділері қатысты.

Амантай Доғалақов, Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Тұрсекең қай жерге барып, жұмыс бастаса оны аяқтамайынша тоқтамайтын адам. Одан кейін ешқандай жұмыстан қорықпайтын. Қош бол деймін Тұрсекеңе.

Тұрсынғазы Мүсәпірбеков өмір бойы мемлекеттік қызметтерде болып, басшылық жұмыстар атқарған. 10 жылдай Семей қаласы әкімінің орынбасары болып, 2011 жылы Абай ауданына әкімі қызметіне тағайындалды. Зейнетке шыққаннан кейін, аймақтық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында отряд басшысы болып жұмыс істеген. Айта кетейік, қайғылы оқиға 14 маусым күні болған. Өскемендегі Үлбі өзенінің жағасында жатқан жансыз денені тұрғындардың бірі тауып алып, полицияға хабар беріпті. 66 жастағы шенеунікке жай оғы түсіп қаза болған көрінеді. Денесінде ешқандай зорлық-зомбылық іздері анықталмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде