{metadescription}
Сұлулық салонының қызметкерін өлтірді деген күдікпен ерлі-зайыптылар ұсталды
Сұлулық салонының қызметкерін өлтірді деген күдікпен ерлі-зайыптылар ұсталды

Сұлулық салонының қызметкерін өлтірді деген күдікпен ерлі-зайыптылар ұсталды

Алматы облысында үш апта бұрын жоғалған Батура Мамедованың денесі көрші ауданнан табылды. Сұлулық салонының қызметкерін қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен азаматтық некеде тұрған ерлі-зайыпты екі адам ұсталды. Жұмысынан кеш шығатын косметолог үйіне жету үшін бірнеше таксиге мінуі керек екен. Алайда, оны біраздан бері сырттай бақылап жүрген қаскөйлер қымбат алқа таққан әйелді ажал құштырған.

Батура Мамедова 27 мамыр күні кешкі сағат 8 жарымда жұмысынан шығып үйіне бет алғанын соңғы рет қызына ескерткен. Алайда күнделікті келетін уақытынан кешіккендіктен, уайымдай бастаған қос қызы бірден туыстарына хабар беріпті. Дереу арада Түркісіб ауданың полициясына арыз жазып, өздері де іздеуге кіріскен. Арада бірнеше күн өткеннен кейін іс облыстағы құзырлы орындардың қолына өтеді. Көрші-қолаң, еріктілер барлығы іздеуге кіріскеннен кейін жақсы хабардың болатындығынан үміттенген. Алайда, құзырлы орын өкілдері сенбі күні кешке Алматы маңынан мәйітті қазып алғандарын хабарлаған. Ауыр қайғыдан қан жұтқан әулет енді қылмыскерлерді ең жоғарғы жазаға тартуды талап етуде.

Гүлімзат Гадирова, туысы:

- Біз құзырлы органдардың барлығына жүгіндік. Барлығы бізге келіміз дегеннен басқа ештеңе айтпады. Егер дер кезінде әрекет жасағанда бәлкім мұндай жағдай болмас еді. Сонымен қатар барлығын қатаң бақылауда ұстаса, пышақ ұстап кісі өлтіретіндер болмас па еді. Ал, айуандықпен кісі өлтіріп, екі қызды жетім еткен қылмыскерлерге жазаның ең ауырын талап етемін. Сондай-ақ соттың әділ үкімі үшін соңына дейін барамыз.

Сондай-ақ, туыстарының сөзінше Батура Мамедова сол күні Ашыбұлаққа дейін жетіп, үйіне дейін күдіктілердің көлігіне мінген. Орта жолда косметологтың сөмекесіндегі қаражатты көрген ерлі-зайыптының арам пиғылдары оянып, көліктің ішінде пышақтай бастапты.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша Батура Мамедованы қаскөйлер соққының астына алып, кейін бауыздаған. Ал мәйітті Қарасай ауданында орналасқан Береке ауылынның маңына көміп кетіпті. Алдын ала болжам бойынша қаскөйлер косметологтың 40 грамдық алтын алқасына көзі түсіп, қылмысқа барулары мүмкін.

Серік Үпиев, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Екі күдікті де Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытты күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Күдіктілер тергеу барысында мәйітті көршілес Қарасай ауданындағы көмген жерді көрсетті. Қазіргі уақытта аталған дерекке сәйкес қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қоғамдық көліктің ең соңғысы бұл маңайға кешкі 8 жарымға дейін жүреді екен. Ал, қаладағы жұмысынан түнгі уақытта шыққандардың барлығы такси қызметіне жүгінеді. Қазір қайғылы жағдайдан кейін барлық ауыл үреймен отыр. Ал, осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанға үлкен арманмен келген Батура Мамедованың мәйіті Баку қаласында жерленетін болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.