{metadescription}
«Қара киімділер» жаңа актерлік құраммен көрерменге жол тартты
«Қара киімділер» жаңа актерлік құраммен көрерменге жол тартты

«Қара киімділер» жаңа актерлік құраммен көрерменге жол тартты

Әйгілі фантастикалық экшн-комедияның жалғасы көрермендерін осылайша таңқалдырды. Кинодағы басты рөлдерді Крис Хемсворт пен Тесса Томпсон ойнайды. Туынды тағы несімен таңқалдырады? Әріптесім Әсем Қабылбек Мәскеуде «Қара киімділер» франшизасының 4-ші бөлімін тамашалап, басты рөлдегі кейіпкерлермен сұхбаттасып қайтты.

«Қара киімділер: интернэшнлдің» ерекшілігі - жаңа актерлік құрам. Басты рөлдерде - Крис Хемсворт пен Тесса Томпсон. «Қара киімді» десе әдетте көрерменнің көз алдына Уилл Смит пен Томми Ли Джонс елестейтіні белгілі. Бұл жолы бәрі басқаша. Мәскеуге келген Крис Хемсворт пен Тесса Томпсон фильмдердің әлемін өзара байланыстыратын ортақ тақырыпты сөз етті.

Крис Хемсворт, актер:

- Түсірілім алғаш басталғанда аздап қиналдық. Көздеген мақсатқа жету үшін бәрімізге жұмыла еңбектену қажет болды. Әркім өзіне жүктелген рөлді ойдағыдай алып шықты деген ойдамын. Мұның бәрі бір пазл секілді жан-жақтан жинақталып соңында фильмнің мәнін ашты.

Атақты фильмді қайта жандандырған режиссер  Феликс Гэри Грей. Сценарий авторлары  Мэтт Холлоуэй мен Арт Маркум. Жаһан тыныштығы мен ғаламшар қауіпсіздігі. Бұл жолы да әлемдік қауымдастыққа қауіп төндірген тыңшыларға құпия агенттер Эйч пен Эм қарсы тұрады. Фильм түсірілімі 2018 жылдың 9-шы шілдесінде Лондонда басталып, Мароккода, Италияда және Нью-Йоркте жалғасты. Актерлер көптің жүрегінен орын тапқан туындыға түсерде әр көрініске тыңғылықты дайындалғанын айтады.

Тесса Томпсон, актриса:

Фильмде мини байкке мініп шөлде жүретін көрініс бар. Мені каскадерлар сақтандырғыш арқанмен байлап қойды. Алғашында өз денемді игеру қиынға соқты. Аспаннан ұшып жерге түсетін сәтте қайта-қайта Кристің басына құлай бердім.

Америкалық ғылыми-фантастикалық комедияның бюджеті алдыңғыларымен салыстырғанда аз. Жердегі өзге ғаламшарлықтардың жүріс-тұрысын бақылайтын арнайы ұйым өкілдері мақсатына жете ме? Бұл сұрақтың жауабын 12-ші маусымнан бері еліміздегі кинотеатрлардан көрсетіліп жатқан фильмнен таба аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде