{metadescription}
Ассамблея ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейтпек
Ассамблея ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейтпек

Ассамблея ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейтпек

Қазақстан халқы Ассамблеясы интернеттегі арандатушылармен күресті күшейтпек. Өйткені әлеуметтік желіде ұлттар арасына іріткі салып оларды бір-біріне әдейі айдап салушылар көбейген.

Айгүл Сәдуақасова, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі:

- Әр адам ақпаратты тексеріп, ол ақиқат жоқ па оны ажырата алмайды. Сол ақпаратқа сеніп қалады. Осы жағынан әлі де жұмыс істеу керек.

Алдымен ассамблея ұлттар арасындағы татулыққа сызат түспесі үшін ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейткелі отыр. Әсіресе әлеуметтік желіде ұлт араздығын қоздырушылар анықталған жағдайда олардың жазбасы тиісті органдарға жіберілмек. Бұл мәселе бүгін ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесінің отырысында жан-жақты талқыланды. Зерттеу институтының басшылары, ғылым докторлары мен қоғам қайраткерлері этностар арасындағы бірлікті нығайту жөнінде пікір алмасып, іріктелген  ұсыныстарын үкіметке жолдамақшы.

Шерзод Пулатов, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Біз  бұл мәселелерді шешу үшін жай уәде бермеуіміз керек. Оны нақты іске асыруымыз керек.  Осы бірлігімізді сақтау үшін бір болуымыз керек. Өйткені Қазақстан біздің ортақ отанымыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде