{metadescription}
«Сайқымазаққа айналдық»: Түркістанда мәдениет үйінің қызметкерлері осылай деп шағымданды
«Сайқымазаққа айналдық»: Түркістанда мәдениет үйінің қызметкерлері осылай деп шағымданды

«Сайқымазаққа айналдық»: Түркістанда мәдениет үйінің қызметкерлері осылай деп шағымданды

Яғни, жетісайлық шенеуніктер ауылдық мәдениет үйі музыкантының бірін цирк өнерпазы деп, тағы бірін фотостудия қызметкері деп рәсімдепті. Енді ауданда жоқ цирк өнерін көрсетпесең, жыл бойғы алған жалақыңды қайтарасың деп талап қойған көрінеді. 

Бірлік ауылындағы мәдениет үйінің қазіргі ұжымы 2016 жылы құрылған. Ауылдың өнерпаз жастарынан тұратын топ 3 жыл бұрын бірнеше ай тегін шәкірт тәрбиелеп, нәтиже көрсете бастаған кезде аудан басшылары оларға 10 штат рәсімдеп беріпті. Тек, былтыр Мақтарал мен Жетісай ауданы бөлінген кезде мәдениет саласына келген басшылар қызметкерлердің бірін ауылда цирк ұйымдастырасың, екіншісіне фотостудия ретінде жұмыс істейсің деген талап қойған. Мамандық сай болмаса да жұмыссыз қалмас үшін амалсыз қол қойдық дейді өздері. 

Әлихан Көзбай, ұжым жетекшісі:

- Мен музыкалық білім бойынша оқыдым. Енді ол фотостудионы жүргізу үшін фотоапарат қажет маған. Екіншіден, лабороториялық бөлме қажет. Одан кейі, принтер деген сияқты машақаты көп. Ондай ешнәрсе жағдай жасалмаған. Тағы бізде бір ұжым жетекшісін цирк үйірмесі бойынша жұмысқа қабылдады. Ол да музыкалық білімі бойынша оқуды бітірген. 

Мәдениет үйінің жертөлесін 2 айдан бері су басып жатыр. Тексеріп келген шенді-шекпенді не себебін айта алмай, не көмек те көрсетпеді дейді мұндағылар.

Бұл мәдениет үйі 5 жыл бұрын 158 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткен. Алайда, мұндағы қызметкерлердің сөзінше ол кезде ғимараттың көрінбейтін жерлері мүлдем жөнделмепті. Салдарынан, жаңбыр жауып, қар ерісе мәдениет үйін су басады. Оны болдырмас үшін мұндағы мамандар целлофан қойып, шелек тосып өздері амалдайды.

Ал, мәдениетке жауапты аудандық басшылар ауылдағы мәдениет үйін әдейі шулатып отқан бұрынғы басшы Ботагөз Ділдәбекова дейді. Яғни, өзі басшылықтан кеткен соң заңсыздықтары әшкере болды дейді. Оны біліп, шара қолданған соң, кектеніп, ауыл жастарын шулатып жатқан көрінеді. Ал, қолынан келетін штатты әркім өзі таңдап алған дейді.

Айтбай Тілесов, Жетісай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:   

- Ондай мәселе көтіреліген жоқ, көтерілуі де мүмкін емес. Ол жұмыс бабын тексеру бойынша жұмыстан шығарылмайды. Ертең 6 ай қортындысы бойынша  талдау жасалып, жақсы не кемшілік жақтары айтылады. Біріншіден, ол Балғабаевтың құзыретіне жатпайды.

Айтбай Тілесов жертөледегі суды да біреудің әдейі ұйымдастырғаны дейді. Енді ауылдағы мәдениет үйінің бұрынғы басшысы мен аудандағы қазіргі мәдениетке жауаптылар бірін-бірі сотқа бермекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде