Депутаттар миллиондап жалақы алатын монополистерге шүйлікті
Өздері түк өндірмейді, бірақ миллиондап жалақы алады. Депутаттар «Астанаэнергосервис» компаниясын тарату керек деген бастама көтерді. Өйткені, делдалдық қызмет атқаратын компания халықтың қалтасына ауыртпалық салып отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.06.2019
Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты:
- Осы делдал компанияның басшысының жалақысы 1 жарым миллион теңге. Төрт орынбасарының әрқайсысы 1,3 миллион теңгеден алады. Одан бөлек тағы сыйақылары мен бонустары бар. Ештеңе өндірмейтін осы компания қызметкерлерінің құр жалақысының өзі жылына 600 миллион теңгеге жетеді.
Ақжолдық депутаттың айтуынша, жалақыларынан бөлек, әрқайсысының жұмыс бөлмелері, қызметтік көліктері, қымбат жиһаздары мен техникалары сынды түрлі қажеттіліктері және бар. Мұның барлығы халықтың қалтасынан жырып алып отырған миллиардтаған ақша. Айта кетейік, «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамы 1999 жылы құрылған. Елорда әкімдігіне қарайтын фирма төрт бірдей энергокомпанияға басшылық етеді. Меруерт Қазбекова мұнымен шектелген жоқ. Бас қаланы жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Астана энергосбыт» компаниясы да осындай жағдай қайталанып отыр екен. Ал тура осы жұмыспен қалада 7 бірдей компания айналысып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!