Елордада мектептің спорт залы қазақ күресі мен бокс залына айналды
Елордада мектептің қарапайым спорт залы дзюдо мен қазақ күресі және бокс залына айналды. Енді балалар аталған спорт түрлерімен ешқайда бармай-ақ, өз мектептерінде айналыса алады. Оны Тұңғыш Президент қорының қолдауымен «Батыр боламын» жүзеге асырып отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.06.2019
Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш Президент қорының атқарушы директорының орынбасары:
- Бұның басты мақсаты еліміздің өскелең ұрпағын нақты салауатты өмірге, денсаулығы зор өмірге ынтасын беріп, балаларды шынымен де біріктіріп спорттың әр түрлі саласымен айналысуына мүмкіндік беруге жол ашып жатыр.
Елордадағы №68-мектеп-гимназиясының спорт залында енді дзюдо, қазақ күресі, бокс сынды спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Күрес кілемі, бокс қолғаптары, басқа да керек-жарақтары аз ақша тұрмайды. Алайда, мұның барлығы демеушілердің көмегімен сатып алынған. Демеушілер тіпті осындағы үш жаттықтырушының жалақысына дейін төлеп отырмақ. Жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналған мұндай спорт залдары ел аумағында осымен үшеу. Екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, біреуі Жезқазғанда. Қуанышты шараға орай екі күн бойы оқушылар арасында өткен күрес біріншілігінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ал дзюдодан Азия чемпионы, грэпплингтен әлем чемпионы Әйгерім Әбілқадырова да балалардың ортасына келіп, өз шеберлігін көрсетті.
Әйгерім Әбілқадырова, грэпплингтен әлем чемпионы:
- Мен негізі өзім кішкентай кезімнен бастап, 5 жастан бастап жаттығу жасаймын. Бұл залға келген себебім, балаларға мотивация беру. Себебі, кішкентай кездегі балалар ол балаларды әрқашан қолдап жүру керек. Тек қолдаумен ғана олар өздерін арқасында адамдар бар екенін сезініп, үлкен жетістіктерге жете алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!