Көкшетауда тыл ардагерін өз үйінде құтқаруға тура келді
Көкшетауда тыл ардагерін үйінде құтқаруға тура келді. 85 жастағы Василий Харламов жабулы есіктің ар жағында қалған. 3 қабаттағы пәтерге құтқарушылар терезеден түсті.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
20.06.2019
Құтқарушылардан көмекті қарияның немересі сұрапты. Ол кешқұрым атасының халін білмек болғанымен, есікті аша алмаған. Таяғына сүйеніп анда-санда есік алдына шығатын Василий Харламовты көршілері де соңғы кездері көрмедік дегені қауіп туғызған. Құтқарушылар пәтерге терезеден түскенде қария жерде жатыр екен. Сөйтсе, 2-топтағы мүгедек қарт құлап қалған. Бірақ, оның қанша уақыт жерде жатқаны белгісіз. Өйткені қария жалғыз тұрады екен. 85 жастағы қарт ауруханаға жеткізілген.
Науқан Рыспаев, құтқарушы:
- Біздің құтқарушы топ хабар түсе салысымен жетті. Бірден есікті бұзбай, терезеден түсуді ұйғардық. Өйткені жалғызілікті қарияның есікті жөндеуге шамасы болмауы мүмкін ғой. Дәрігерлер де әзір тұрды. Ардагер аман қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!