{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында қиратылған Михаил Калининнің мүсініне қатысты жанжал шықты

Алматы облысында қиратылған Михаил Калининнің мүсініне қатысты жанжал шықты

Алматы облысында «бүкілодақтық староста» атанған Михаил Калининнің екі бірдей мүсіні орнынан алынды. Алайда, Тұздыбастау ауылындағы тас тұғырды тайдыруға атсалысқан қоғам белсенділері бұл шараның оңайға түспегенін айтады. Өйткені, ескерткіш 2002 жылы мемлекеттік тізімнен шығарылған. Бірақ, жергілікті билік өкілдері де әлі күнге дейін не үшін сүріп тастамағынын толық түсіндіре алмады.

Тұздыбастаудағы тұғырынан түспестей көрінген Калининнің ескерткіші ақыры құлатылды. Әсіресе, «бүкілодақтық старостаның» ауыл ішіндегі екі бірдей мүсінін алып тастауға қоғам белсенділері ерекше үлес қосыпты. Бірақ, олар тас мүсінді тұғырынан тайдыру оңайға түспеді дейді. 

Гүлбахрам Жүніс, желтоқсаншы:

- Соңғы 11 жылдың ішінде қаншама мәрте біз жазып келеміз. Бірнеше рет осында келіп акция да жасадық. Сол себепті сол іске асты. Оған біздің желтоқсанның жігіттері, азаматтары қатысты. Осындағы ақсақалдар кеңесінің ақсақалдары да қатысты.

Тұздыбастау ауылы кезінде Михаил Калининнің атымен аталған. Кейін елді мекеннің аты ауысқанымен, оған қойылған қос ескерткіш күні бүгінге дейін қасқайып тұрған. Тіпті, мүсіндер 2002 жылы мемлекеттік тізімнен шығарылса да, оны сүріп тастауға жергілікті биліктің дәті жетпеген секілді. Себебі, атқамінерлер Талғар ауданында идеологиялық маңызын жоғалтқан көне ескерткіш қалмады дегенімен, Калининің 17 жыл бойы не үшін бұзылмағанын түсіндіре алмады.

Фарида Бегенбаева, Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Калининнің ескерткіші білмеймін қандай себептермен, бәлкім үлкен ақсақалдар, кеңес дәуірінен 90-100-ге келген кісілер қала тұрсын деп қалдырған шығар деп ойлаймын. Немесе оңтайландыру кезінде бізде онымен айналысатын да адамдар болған жоқ, бөлімдер де жоқ. Мәдениет бөлімі, бәрі жабылып кеткен болатын.

Алайда, ауыл тұрғындары да Кеңес үкіметінің сойылын соққан бейнелерден құтылғанымыз дұрыс деп есептейді. Керек десеңіз, оның орнына Алаш ардақталарына арналған ескерткіш орнату идеясын қызу қолдағандар бар.

Мейрамгүл Мұқшева, Тұздыбастау ауылының тұрғыны:

- Алғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, ауылға да, халыққа да ешқандай жақсылығы өтпеген кісі деп ойламаймын оны. Оның орнына Алашқа ескерткіш қойылсын деген ұсыныс түсіп жатыр ғой. Соған қарсы емеспін.

Өкінішке қарай, жол бойына Алаш арыстарын еске түсіретін ескерткіш орнату туралы ұсыныс екіұдай күйде тұр. Өйткені, болашақта іргесіндегі тас жол кеңейтілуі мүмкін. Бұдан өзге, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай екінші тұғырдың орнына ұлы ақынның кеуде мүсінін қойсақ деген ұсыныс айтылыпты. Бірақ, барлығы уақыттың еншісінде дейді әкімдіктегілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде