{metadescription}
Бюджет дауы: Миллиардтарды игере алмаған шенеуніктер жауапқа тартылған
Бюджет дауы: Миллиардтарды игере алмаған шенеуніктер жауапқа тартылған

Бюджет дауы: Миллиардтарды игере алмаған шенеуніктер жауапқа тартылған

Былтыр бюджеттің 138 миллиард теңгесі тиімсіз жұмсалған. Ал соңғы 3 жылда тиімсіз жұмсалған қаражат көлемі 2 триллион теңгеге жетеді. Есеп комитеті осындай мәлімет таратты.

Бүгін Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында өткен жылғы бюджет қаражатының игерілу барысы тыңдалды. Қаржы министрі Әлихан Смайылов пен Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова барлығын жіпке тізіп берді. Айтуларынша, 2018 жылы тиімсіз жұмсалған бюджеттің 138 миллиарды үшін 224 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылыпты. Бірақ соның ішінде тек 20 шақтысы ғана басшылар да қалғаны жәй қызметкерлер екен.

Наталья Годунова, Есеп комитетінің төрайымы:

- Біздің ойымызша соңғы үш жылдағы бюджет шығындарын есептесек, 2 триллион теңгені үнемдеп қалуға болар еді. Сондықтан бюджет қаражатына жауапты адам ретінде вице-министрлерді жазалау керек деп ойлаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде