{metadescription}
Ақтөбеде қайыр сұраған қартты алып кетпек болғандар төбелес шығарды
Ақтөбеде қайыр сұраған қартты алып кетпек болғандар төбелес шығарды

Ақтөбеде қайыр сұраған қартты алып кетпек болғандар төбелес шығарды

Ақтөбеде арбада отырған мүгедекті белгісіз біреулер еріксіз алып кетпек болған. Оны көрген сол маңдағы жігіттер көмекке келіп, арты төбелеске ұласты.

Қаланың қақ ортасында жұдырықтасқандарды қазір тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ақ көлік мінген жігіттер көшеде қайыр сұрап отырған қартты сүйрей жөнеледі. Үй-күйі жоқ мүгедек осы маңда үнемі тіленші болып отырады екен. Оны не үшін алып қашпақ болғаны әзірге белгісіз. Қайыр сұратып, түскен пайданы өздері иемденбек болған деген де болжам бар.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Болған оқиға бойынша такси жүргізуші анықталды. Одан түсініктеме алынды. Қазіргі таңда қалған осы оқиғаға қатысты тұлғалар анықталу үстінде. Олар анықталып, ұсталғаннан кейін нақты хабарлама бере аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде