Ақмола облысында парақор әкімге үкім кесілді
Ақмола облысында әкімге үкім кесілді. Зеренді ауданының бұрынғы әкімі Мереке Мұстафин кәсіпкерден 3 миллион теңге пара алды деп қамауға алынған болатын. Ол енді 3 жылын еңбекпен түзеу колониясында өткізбек.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
20.06.2019
Сондай-ақ, Мереке Мұстафин мемлекеттік және басқа да жергілікті органдарда басшылық қызметте істеу құқығынан өмір бойына айрылды. Бұл оқиға өткен қаңтар айында болған еді. 300 гектар жерді жалға алу туралы келісімшарт мерзімін ұзарту үшін кәсіпкерден алынған қомақты қаражатты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының қызметкерлері әкімнің столының тартпасынан тапқан. Пара алуда оның орынбасарлары делдалдық еткені белгілі болды. Сот орынбасардың бірі Ықылас Мұқашевты 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ал Қайрат Жақыповқа 4 миллион теңге айыппұл төлеу міндеттелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!