{metadescription}
Алматыда дәмханадан шыққан алапат өрт тұрғын үйге жайыла жаздады
Алматыда дәмханадан шыққан алапат өрт тұрғын үйге жайыла жаздады

Алматыда дәмханадан шыққан алапат өрт тұрғын үйге жайыла жаздады

Алматыда қала орталығындағы танымал дәмхана отқа оранды. Құтқарушылар келгенше дөнер дайындайтын орынның 100 шаршы метрі жанып кеткен.

Өрт дәмхананың асханасынан күндізгі сағат 3-те шыққан. Куәгерлердің айтуынша, келушілер іште көп болыпты. Барлығы далаға шығып үлгерген.  Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртті толықтай тоқтатуға 28 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылған. Бірақ сол маңайдың тұрғындары осы дәмханадан зәрезап болғандарын айтуда. Өйткені 4 қабатты үйдің астында орналасқандықтан, жапсарлас үйлерге өтіп кету қаупін тудырған. Тіпті бұған дейінде тамақтардың иісінен терезе ашудан қалдық дейді.

Елена Малохина, Алматы қаласының тұрғыны:

- Олар тереземіздің түбінен ауа шығаратынды орнатып қойды. Содан үйге күйген иіс пен түтін кіреді. Тіпті сақырлаған ыдыстардың дыбысынан мазамыз қашады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.