{metadescription}
ҰБТ-2019: Тестілеудің алғашқы күні түлектердің қулығы жаппай әшкере болды
ҰБТ-2019: Тестілеудің алғашқы күні түлектердің қулығы жаппай әшкере болды

ҰБТ-2019: Тестілеудің алғашқы күні түлектердің қулығы жаппай әшкере болды

Бүгін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. ҰБТ-ны биыл ел бойынша 117 мыңнан астам ұл-қыз тапсырады. Оның 13 мыңы бүгін бақтарын сынап үлгерді. Қобалжыған талапкерлерге Білім министрі Асхат Аймағамбетов те сәттілік тілеп, емтиханды қалай тапсыру керектігі жайында кеңес берді. Сонымен, ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті? Досжан Маратұлы айтып берсін.

Талапкерлер бал-бұл жайнағанымен іштей қобалжып тұрғаны анық. Өйткені, тест сұрақтарының 30 пайызы жаңартылып, қиындай түскен.

Ұлдар-ұлдар кіріңдер!

Тест тапсыратын ғимаратқа кіргені сол еді, қыз-жігіттер одан бетер мазасызданып кетті. Өйткені, әрқайсысы тыңғылықты тексеруден өтіп, қулықтары әшкере болды. Бірінен шпаргалка, екіншісінен телефон табылып жатты.

- Қазір 140 жинадық. Балалардың арасында екі-үш телефоннан ұстағандар бар.

Ал, әрі-сәрі күйге түскен түлектерді қолдауға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келген. Еліміздің су жаңа бас мұғалімі құпия сақталған тест кітапшаларын ашып беріп, қыз-жігіттерге сәттілік тіледі.

Жылда басынан дау арылмайтын ҰБТ форматы биыл өзгеріссіз.

Оны ұл-қыздар былтырғы тәртіппен тапсыра береді. Яғни, міндетті үш пән - «математика», «оқу сауаттылығы» мен «қазақстан тарихы»-нан және өздері таңдаған екі пәннен сынақ тапсырады. Жоғарғы ұпай 140 балл. Сынақтан сүрінбей өту үшін кемі 50 ұпай жинау керек. Ал, Ұлттық университетке оқуға түсуге кемі 65 балл қажет.

Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылым министрі:

- Телефон бола ма, шпаргалка бола ма соны пайдаланып үлгеріп, соған қарап нәтижесі өзгеріп отырса, онда ол балаға тиісті шара қолданылады. Аудиториядан шығарылады. Өйткені, әділдік болуы керек.

53 мыңнан астам гранттың көбі техникалық мамандықтарға бөлінгендіктен, министр түлектерге физика, химия секілді пәндерді таңдауға кеңес берді. Ал, емтихан тапсыруға 3 сағат 50 минут берілген. Уақыт өткенше ата-аналардан да жаппай маза кеткен.

Айта кетерлігі ұл-қыздарының үмітін үкілеп келген ата-аналарға биыл міне мынадай аудутория бөлінген. Сондықтан олар жылдағыдай далада күннің ыстығында тұрып емес, салқын жерде отырып, балаларының тест тапсырғанын мына экрандар арқылы онлайн көре алады.

Ал, түлектердің алды аудиториядан үш сағаттан соң шыға бастады. Барлығы бағының да, бабының қатар шабатынына сенеді.

Сағди Назаров, мектеп бітіруші:

- Сұрақтар негізі қиын болған жоқ. Егерде дайындалған болсақ.

- 140 қаншасын алдым деп ойлайсың?

- 150-ін алдым.

Осылай ҰБТ-ның алғашқы күні 13 мың ұл-қыз сынақ тапсырды. Жалпы 5-ші шілдеге дейін жалғасатын тестілеуде ел бойынша 117 мың мектеп бітіруші емтихан тапсырмақ. Ал, ұпайына көңілі толмағандар апелляциялық шағым түсіріп немесе тамыз айында ақылы түрде тестті қайта тапсыра алады. Оның құны 2, 242 теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.