{metadescription}
Ан-2 апаты: Оқиға куәгерлері тірі қалған ұшқыштарды қалай құтқарғандарын айтты
Ан-2 апаты: Оқиға куәгерлері тірі қалған ұшқыштарды қалай құтқарғандарын айтты

Ан-2 апаты: Оқиға куәгерлері тірі қалған ұшқыштарды қалай құтқарғандарын айтты

Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым жерде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Егіс алқабына тыңайтқыш себуге көкке көтерілген әуе техникасы бірнеше минуттан соң жерге құлап, борт командирі қаза тапты. Екінші ұшқыш пен техник қазір өлім аузында ауруханада жатыр. Ал көлік прокуратурасы «ұшу қауіпсіздігін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Ан-2 таңғы сағат алтыдан бастап егіс алқабына тыңайтқыш сеуіп бастапты. Алайда 6-шы рейс кезінде ұшақтан ақау шығып дәл егіс алқабының ортасына келіп құлаған. Әуе кемесінің әсіресе алдыңғы бөлігі қатты зақымдалыпты. Ал қирандылары 100 метр аумаққа дейін шашылған.

Багін 500 литр химиялық тыңайтқышпен толтырған Ан-2 аспанға көтеріле алмай алдымен тоқ сымына оратылып кейін электр бағанасын құлатқан. Тұмсығымен жерге қадалғандықтан алдыңғы бөлігінен дымы қалмапты. Ал жанып жатқан Ан-2-ні көрген Василий Жмурик қансыраған екінші ұшқышты тірідей далаға алып шыққан.

Василий Жмурик, оқиға куәгері:

Отты сөндіріп жатып бір адамның ыңырсып көмекке шақырғанын естідік. Содан ұшақтың бүйірін ломмен тесіп, оны сол тесіктен шығарып алдық. Қалған екеуі далада жатты.

Бірақ 56 жастағы борт командирі оқиға орнында қаза тапқан. Оның денесін полицейлер мәйітxанаға сараптамаға жіберді. Ал сұмдық апаттан құдай сақтап тірі қалған 29 жастағы екінші ұшқыш пен 26 жастағы техниктің өмірі үшін қазір астаналық дәрігерлер күресіп жатыр.  

Аслан Жангереев, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Екінші ұшқыш бас сүйегінің ашық жарақатымен түсті. Денесінің 20 пайызын яғни, жауырын тұстарын күйік шалған. Сол жақ екі қабырғасы сынған. Қазір ота жасауға дайындап жатырмыз Тағы бірі науқас – техник жансақтау бөлімінде. Оның жағдайы біріншіге қарағанда тәуірлеу. 

Негізі Ан-2 «Родина» агрофирмасына тиесілі бидай егілген алқапқа xимиялық тыңайтқыш себуге жалданған. Жалға алынған әуе теxникасының саны біреу. Келісім шарт бойынша «Навигатор» компаниясына тиесілі ұшақ 15 мың гектар жерге химиялық өңдеу жасауы тиіс болған. «Родина» агрофирмасы ұшақтың техникалық қауіпсіздігіне жауап бере алмаймыз деп отыр.

Қанат Әділбеков, «Родина» агрофирмасының бас агрономы:

- Біз жер беріп соның ақысын төлейміз. Ұшқыштарды «Навигатор» өздерінен қамтамасыз етеді. Болғаннан кейін ақшасын төлейміз. Біздің міндеміз осы. Ұшақтың техникалық жағдайына компания өздері жауап береді.

Ал ұшып қону алаңы агрофирмаға тиесілі екен. Ал «Навигатор» компаниясының тұрағы да осы Родина ауылында орналасқан. Қазір тергеушілер мен криминалистер оқиға орнында ұшақтың әр қирандысын жинап апаттың қалай болғанын секундына анықтауы керек. Десек те, полицейлер ұшақтың құлауына «Ауа райының қолайсыздығы», «адами фактор», немесе техникалық ақау себеп болуы мүмкін болжамдарды қарастырып отыр. Дегенмен оның нақты себебін арнайы құрылған комиссия анықтауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.