{metadescription}
Skat әуе компаниясы Елордадан Сочиге дейін тікелей әуе бағытын ашты
Skat әуе компаниясы Елордадан Сочиге дейін тікелей әуе бағытын ашты

Skat әуе компаниясы Елордадан Сочиге дейін тікелей әуе бағытын ашты

Жазғы демалысын Қап тауының етегі мен Қара теңіздің жағасында өткіземін деушілерге жағымды жаңалық! Скат әуе компаниясы Елордадан Сочиге дейін тікелей әуе бағытын ашты. Жолаушылар аптасына екі рет арқа төсінен теңіз жағасына бар болғаны 3,5 сағатта жете алады. Онда саяхатшылардың суға шомылып, таудың таза ауасымен тыныстауына барлық жағдай жасалған. Сочи 2014 жылғы қысқы олимпиада ойындарынан кейін адам танымастай өзгерген.

Сочи Қап тауының етегі мен қара теңіздің жағалауында орналасқан әлемдегі ең ұзын қалалардың бірі. Шаһардың бір басынан екінші қиырына жету үшін 145 шақырымды еңсеру керек. Бірақ  курортты аймақтың басты мақтанышы бұл емес. Мұнда демалушылар жазда суға шомылып, қыста шаңғымен сырғанау үшін жан-жақтан ағылады.

Сочи теңізімен тартымды. Қара теңіздің тұзды суына шомылып, жағажайда күнге қыздырыну үшін бұл жерге жыл сайын мыңдаған турист келеді. Жазды күні бұл жердегі ауа-райы 28-30 градус ыстық. Сондықтан қазірдің өзінде мұнда келіп демалушылар саны өте көп.

Кеңестік кезеңде Сочиге барып демалу әркімге арман болатын. Ал қазір курортты қала қазақстандықтар үшін де қол жетімді. 2014 жылғы Қысқы олимпиада ойындарынан кейін туризм саласы тіптен дами түсті дейді демалушылар.

Алексей Незговоров, демалушы:

- Сочиге келіп демалып жүргеніме бес жыл болды. Бұған дейін Түркия, Мысырға баратынмын. Қазір Сочидегі қызмет көрсету сапасы жақсарды. Бір ғана кемшілік жағажай құм емес тастақ. Басқасының бәрі керемет.

Сочи қыста да қонақтарды қабылдай береді. Өйткені мұнда 4 тау шаңғы кешені бар. Солардың ең үлкені Роза Хутор. Қап тауының қойнауында жатқан кешенде 18 қонақ үй, 102 шақырым шаңғы жолы және 29 арқан жол бар.

Мен қазір Роза Хутор тау шаңғы кешенінің ең биік нүктесінде тұрмын. Бұл жер теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орналасқан. Мұнда тек қыста шаңғымен сырғанамай қыста да түрлі белсенді демалыс өиткізуге болады. Мәселен шетелден келетін демалушылар үшін арнайы аспалы көпір ұйымдастырылған. Мұнымен жүріп өтуге екінің бірінің жүрегі дауаламайды. Ал егер тәуекелге бел бусаңыз керемет әсерге бөленетініңіз анық.

Роза Хутор демалыс аймағына былтыр 2 миллионға жуық демалушы келген. Соның мың шақтысы Қазақстандықтар. Біздің елдің туристерін көптеп тарту үшін Роза Хутор мен Шымбұлақ таушаңғы кешені былтыр ортақ мемарандумға қол қойды. Осы арқылы қос елдің демалыс кешендері өзара турист алмасып, тығыз байланыс орнатпақшы.

Аркадий Марков, «Роза Хутор» тау шаңғы курортының бөлім басшысы:

- Шетелдік саяхатшыларға арналған «Тау мен теңіз» деген арнайы ұсынымыз бар. Яғни демалушылар 3-4 күн теңіз жағасында суға шомылып, одан кейін таудың таза ауасымен тыныстай алады. Жазда  атпен серуендеу, парапланмен ұшу, және түрлі экстремалды аттракциондар қарастырылған. Ал қыста шаңғымен сырғанайды. 

Тек теңіз жағасында демалудан жалыққандар Сочиге енді тікелей рейспен ұшып бара алады.

Виктория Старожилова, «Skat  Әуе Компаниясы» АҚ  PR-департаментінің жетекшісі:

- Нұр-Сұлтан Сочи, Скат әуе компаниясының жаз мезгіліндегі ең танымал бағыттарының бірі.  Алғаш рет бұл рейс 2014 жылы ашылған. Жолаушылар аптасына екі рет сейсенбі және жұма күндері ұша алады. Барып келу бағасы 140 мың теңгеден басталады. Алматы, Шымкент, Тараз, Павлодар, Семей, Өскемен және Қостанай қалаларынан ұшатын жолаушыларға тиімді транзиттік тоғысулар қарастырылған.

Нұр-Сұлтан-Сочи бағыты әзірге тек жазғы маусымда ғана ұшады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде