{metadescription}
Ақтөбе маңында жағымсыз иіске тұншыққан ауыл жұрты мұңын шақты
Ақтөбе маңында жағымсыз иіске тұншыққан ауыл жұрты мұңын шақты

Ақтөбе маңында жағымсыз иіске тұншыққан ауыл жұрты мұңын шақты

Ақтөбе іргесіндегі Ясный ауылының тұрғындары жағымсыз иістен тұншығып отыр. Осындағы құс фабрикасы қалдықтарын дәл елді-мекен шетіне төгеді деп шағымдануда. Үйілген тауықтың саңғыры мен жүні ыстықта өртеніп, күлімсі иіс тұрғындардың одан бетер тынысын тарылтуда. Зәрезап болған жұрттың арыз айтып бармаған жері жоқ. Олардың шағымын тілшіміз Жаңалық Ахаш та тыңдап қайтқан еді.

Қала іргесіндегі Ясный ауылының тұрғындары шыжыған ыстықта пәтерлерінің терезесін ашпақ түгілі иіс кірер саңылауларын бітеп әлек. Қолқаны қабатын күлімсі иістен зәрезап болғандарын айтады. Мұндағылардың  барлығы түнімен тұншығып, демігіп шығамыз деп ашынады.

Гүлнәр Ғабитова, Ясный ауылының тұрғыны:

- Фабрикадан саситыны рас. Түнге қарай әсіресе форточкамызды ашып дем алайық десек дем алдырмайды. Сасып, дем ала аламаймыз. Өзіміздің денсаулығымыз жоқ. Тауықтың боғы, шыбын, еш тазалық жоқ. 

Сасық иіске тұншыққандар бар пәлені осындағы құс фабрикасынан көреді. Өйткені, ондағылар тауықтың жиналған саңғырығы мен қиын , жүні мен қыл-қыбырын алысқа тасуға қиынсынатын сыңайлы.  

Құс фабрикасының қалдықтарын дәл ауылдың іргесіне төгіп жатыр. Заңға сәйкес қоқыс палигоны елді мекеннен 4-5 шақырым қашықтықта болу керек. Ал дәл мына жермен ауылдың арасы бір шақырымға да жетпейді.

Бірер күнде қоқыс полигоны өртенген. Тауық қалдығының күлімсі иісінен бөлек, көк түтінге қақалдық дейді ауылдықтар. Ал құс фабрикасы басшылары болса, өздеріне шаң жуытар емес. Екі жылдан бері қалдық төгуді қойдық деп ақталады. Керсінше тұрғындарды кінәлап отыр. 

Бақытжан Күзембаев, «ADM Investment» ЖШС бас технологы:

- Енді тұрғындар сол өзі свалка қылған. Біздің ана бұрынғы 17-ші жылға дейін тауықтың қалдығын сол жерге жинайтын едік қо. Қазір ол жерге енді біз төкпейміз. Енді тауық ұстаған жерде өзінің специфический иісі болады. Енді басқа иіс шықпайды ғо духидың мысалы.

Тұрғындар жиналып экология департаментіне арыз жолдаған. Ондағылардан арнайы комиссия құрып, кінәлілерді жазалауды талап етіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.