Үйіндінің астында қалудан қорыққан түркістандықтар әкімдік алдында шу шығарды
Түркістан облысына қарасты Кентау қаласындағы ескі үйлердің тұрғындары әкімдік алдында наразылық білдірді. Тұрғызылғанына жарты ғасырдан астам уақыт болған көпқабатты үйлердің шатырынан су ағып жатқанына 10 жылдан асыпты. Қабырғалары қақырап, электрі жарамсыз тұрғындар, жергілікті биліктен жаңғырту бағдарламасына іліктіруді сұрапты.
Автор: Бек Әбиев
21.06.2019
Хрусталь ауруына шалдыққан екінші топтағы мүгедек Қанафия Тұрабаев, 4 баласымен 5-ші қабатта тұрады. Мұнда көшіп келген 10 жылда 20-мәрте үй жөндедім дейді. 5 минуттық жаңбыр жауса үйдің ішін көл-көсір қылып, абыр-сабыр күй кешуге мәжбүр.
Қанафия Тұрабаев, Кентау қаласының тұрғыны:
- Міне бала-шағам, қыздарым өсіп қалған. Мына жаққа жат деймін, жатса мынандай боп жатыр. Үстімізден су ағады дейді. Шындық қой. Енді қайтем амал жоқ, бір бөлмеге сығылысуға тура келеді. Басқа вариант жоқ.
Ал, мынау жалғызбасты зейнеткер Фатима Абилованың пәтері. Жаңбыр болған кезде 5-ші қабаттың шатырынан аққан су бірінші қабаттағы пәтердің қабырғасынан сарқырама боп ағады дейді. Осының кесірінен қабырғалары ажырап, құлаудың аз-ақ алдында тұр. Арнайы тексеріп келген мамандар бас шайқап жаға ұстаса да, тұруға болады деген шешім шығарды дейді.
Фатима Абилова, Кентау қаласының тұрғыны:
- Жаңбыр жауған сайын бар жері нам боп жатыр да, аға береді. Одан кейін қатты су ақты, неден болса да. Бәрне кіріп көрсем жолын тауып алған өзі дейді, жолымен кеткен деді.
Өткен ғасырдың екінші жартысында салынған мұндай үй саны Кентауда 200-ден асады. Көпшілігінің көгеріп жатқанына он жылдан асыпты. Жыл сайын жағдайын айтып жалынып барғанда биылдан қалдырмаймыз дейтін шенеуніктерден жұрт көңіліміз қалды дейді.
Жамиля Орынбасарова, Кентау қаласының тұрғыны:
- Былтыр кеткен әкім 18-жылы мы вам дом закроем деген. Енді мына әкімге кірдік, вчера. Новый әкім екен. Вообще, көңіліміз қалды. Біздің заялениені оқыған да жоқ. Идите, я ничего незнаю деді, орысшалап. Бүйтіп отыр шәниіп. Идите идите, басымды ауыртпай деп, оқыған да жоқ, коммунальныйға пусть разбираются деді.
Ашынғаннан күнара әкімдік торуылдауға көшкен ел бүгінде әкімнің шығуын талап етіп тағы келді. Алайда, орынбасары шықты. Былтыр уәде бергендерін жасырмайды, тек ақша бөлінбей қалды деп отыр. Биыл қалайда біршама үйді жөндемекші екен.
Қадырхан Төлепбергенов, Кентау қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы:
- Биыл жыл басынан 14 үйге қаржы бөлінді. Қосымша осы 1 апта бұрын облыстың мәслихатының сессиясында қалған 30 үйге ақша бөлінді. Барлығы жиынтығы 1 миллиардтай ақша бөлініп отыр. 14 үйдің 7-де жұмыс басталып отыр.
Шенеуніктер сөзінше, биыл 44 тұрғын үй жаңғырту бағдарламасынан өтуі керек. Аржағында тағы 180 көпқабатты үй тұр. Қыркүйекке дейін әкімдік сөзінде тұрмаса – тайлы-таяғы қалмай Елордаға тартамыз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!