{metadescription}
Ақтауда тәрбиешімен төбелескен балабақша директоры жауапқа тартылды
Ақтауда тәрбиешімен төбелескен балабақша директоры жауапқа тартылды

Ақтауда тәрбиешімен төбелескен балабақша директоры жауапқа тартылды

Ақтауда тәрбиешімен төбелескен жекеменшік балабақша директорына қатысты сот ісіне нүкте қойылды. Бірақ, жетекшіні қарамағындағы қызметкер емес, ашуға мінген ата-аналар сотқа сүйреді. Айта кетейік, ақпан айында балабақшада шыққан жанжалға бүлдіршіндердің тойып тамақ ішпеуі себеп болған.

Бұрынғы директорды ұзын-саны 22 ата-ана сотқа берген. Олардың айтуынша, балабақша басшысы балаларға қалған-құтқан тамақ берген. Тіпті, олардың көзінше тәрбиешіні соққыға жыққан. Алайда, сот олардың шағымын жартылай қанағаттандырды. Айыпталған директор әр ата-анаға 10 мың теңгеден астам, ал біреуіне 31 мың теңге ақша төлеуге міндеттелді. Себебі, арызданушылар қажетті айғақтар көрсете алмаған. Ал, балабақша директоры үкім оқылатын сәтте төбе көрсетпеді. Ашуы тарқамаған ата-аналар оның әрі қарай балалармен жұмыс істеу құқығын шекетуіміз қажет дейді.

Жадыра Ермекова:

- Қазақстанда балабақшаларда соңғы уақыттары жазатайым оқиға көбейіп кетті. Өкініштісі, кіәніл адамдар өз еркімен жұмыстан кетеді немесе балабақша жабылып тынады. Сонда бұған кім жауап береді? Мәселен, біздің балалар ақпан айында аш отырған. Бірақ, қазірге дейін кінәліні мемлекет тарапынан жауапқа тартқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.