Көкшетауда көлден қауіпті жәндіктің жұмыртқасы табылды
Жағажайдағы жайсыздық! Көкшетаудағы Қопа көлінің суынан да, құмынан да санитар дәрігерлер гельминт жұмыртқасын тапқан. Шомылу маусымы енді басталғанда бұл зертханалық сараптама қорытындысы жұрттың зәресін ұшырды. Күн ысыған сайын, қаламен жапсарлас жатқан Қопаның суына шомылып, құмына қыздырынатын тұрғындар бұған сенер сенбесін білмейді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
21.06.2019
Құмды,малтатасты қайраңкөлге Шағалалы,Қылшақты өзендері құяды. Көкшетаудың тау баурайындағы бұлақтары да солай қарай ағады. Дегенмен, қаламен іргелес жатқандықтан көлдің ластануына да себептер көп. Жағалай салынған моншаларды айтпағанда,кәріз құбыры жарылса да төгілген лас су арықтармен осында құлдилайды.
Әзірге, жағажайдағы жағдай өзгере қойған жоқ. Қыста балығын аулап, жазда суына шомылатын тұрғындар Қопаға қарай әдеттегідей ағылып жатыр.
Қайрат Айтмағанбетов, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Өте қауіпті нәрсе. Жерге отырады балалар.Жалғыз пляж осы қаладағы.Баратын жеріміз жоқ. Сосын осы жерге келеміз. Сөз жүріп жатыр паразит бар құмның арасында деп. Ешқандай тазалық жоқ. Жылдағы осы көретініміз. Кішкене құм сеуіпті ол не болады. 10 метрге.
Жағажайда ғана емес, судан да гельминттердің жұмыртқасын тапқан санитар дәрігерлер дабыл қаққанына екі апта болған. Әйтсе де, көл жағалауына әзірге бірде бір ескерту тақтайшалары ілінбеген.
Серік Омарханов, Ақмола облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Бұл гельминттер табиғатта бар нәрсе. Олар природный цикл дейді ғой.сол цикл бойынша жаунарларда болады. Жануарлардан топыраққа түседі. Адамға әрине қауіпті.Қан жүйесіне,адам миына да бауырға да түсуі мүмкін.
Қаңғырған ит пен мысықтан, лас судан пайда болатын паразиттердің көзін құрту үшін дезинфекция жүргізілмейді екен. Залалсыздандыру үшін топырақтың бетін ауыстырған жөн, - дейді санитар мамандар. Содан болар, жағажайды жалға алғандар жаңа құм төсеген. Бірақ,бұл көлдің бір бұрышын ғана қамтиды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!